Өндіріс

1Метал складтау.

Осында алғаш өнімдер түседі: суық және ыстық басылған парақтар, цинкталған метал. Олар 0,7мм ден 3мм ге дейін қалындылығына карап сортталады. Бұл жерде біз цинкталған металды Қарағандыдағы Арселоп Миттал зауытынан аламыз. Бұның бәрі Қазазстанда жасалған. Әрі қарай бұл металл прецизионнды Жапон кестірілген білдекке кетеді.

2Кесу цехының операторлық бөлімі.

Бұл жерде барлық бұйымдардың түйіндері мен бөлшектері қарастырылады. Сызбадғы кестелерді операторлар программа тіліне аударады. Қалған жұмысты жапон роботтары орындайды.

3Металл кесу әдісі.

Металл Жапон АМАДА және МУРАТЕК прецизиондық машинада кесіледі. Оның дәлдігі жүзден бір миллиметр. Бұл станоктар біздің жұмысымыздын бас құралы.

4Металл иілу.

Бiз жанжақты функциясы бар түрiк майыстырғыш станоктарды қолданамыз. Станоктын дәлдiгi оннан бiр миллиметр.

5Дәнекерлеу.

Дәнекерлеу бөлімінде, біз әлемдегі үздік дәнекерлеу жабдығын қолданамыз. Жоғарғы дәрежедегі мамандар, өз жұмыстарын берілген уақытта тез және ұқыпты орындайды.

6Бояу.

Металл барлық өңдеукезеңдерінен өткеннен кейін ( нақты пішінін алып,майсызданып және фосфор қышқылымен тоттанудан сақтау үшін өнделіп) ол бояу бөліміне өткізіледі.Біз әлемдегі үздік JOTUN, TEKNOS, Акзо Нобель электростатикалық бояу ұнтақпен боялады. Оған жоғарғы дәрежедегі адгезиялық қасиет беру және де металлдың барлық ұсақ қуыстарына ену үшін бояу металлға жоғарғы электростатикалық деңгейінде жағылады. Аса төзімді сыртқы жабыны біздің өнімді каррозиядан сақтап ұзақ уақыт қызмет атқарады

7Тығыздауыштың құюлуы

Біздің зауытта Қазақстанда аналогы жоқ тығыздауыш құятын бірегей құрал-жабдық қолдынылады.Бұл Германияда жиналған - RAMPF автоматталған робот. Технологиялық талыптарға сәйкес біздің оператор роботты программлағаннан кейін робот адамның қатысуысыз өз-өзінің жылдамдығы мен тығыздауыштың құюлуын реттеп отырады және де 2х компоненттік қоспа арқылы 30 40 минут аралығында жұмсақ,иілімді резеңкеге айналдырады.Бұл тығыздауыш тұстамалардың, бітеуіштердің есіктерін герметизацияландырады және су мен шанды болдырмайды. IРдың 54 пен 66 шы дәрежеге дейін қорғайды.Осыдан басқа бұл технология артық шудан қорғайды.

8Монтаж.

Монтаж бөлімінде шкафтардың жиналуы және аппараттың ішкі монтажы іске асырылады. Сіз қазір біздін коллективтің дайын еңбегін көре аласыз. Қарапайым парақ металлдан және реттеу аппаратураның көмегімен жоғарғы техналогиялық, күрделі автоматталған тұстамалар және шкафтар жиналады.

9Буып-түю және тасымалдау.

«ЕЛКОС (ELCOS)» ЖШС тапсырыстың бүкіл кезеңінде бізбен бірге жұмыс істеу сапасы мен ыңғайлылығына көңіл бөледі. Біз негізгі өндіріс үдерісіне ғана емес, сондай-ақ ілеспе келісім қатынастарына, бұйымды қаптау, тиеу және Тапсырыс берушінің объектіне жеткізу сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлеміз. Дайын өнімді түсіруден бұрын, біз Тапсырыс берушінің өкіліне дайын өнімді қабылдап алу үшін ғана емес, сондай-ақ бұйымдардың элементтерін жеткізу мәселелерін шешу үшін, бізге келуін табанды түрде ұсынамыз (жинақтап немесе бөлшектенген түрінде). Сонымен қатар автокөлік жүретін жолдармен, электр қалқанына өту габариттерімен және тасымалдаудың басқа жолдарымен егжей-тегжей танысу үшін объектіге шығамыз. Бұйымның стандартты жиынтықталым құнына келесілер кіреді: · Қаптама түрлері қажет болған жағдайда 1. Стреч-үлбіргежинақтап; 2. Пенопластқажәнестреч-үлбіргежинақтап; 3. Пенопластқа, стреч-үлбірге және ағашқажинақтап · Әрбір панельдің бет жағына картон төселеді; · Әрбір панель атауы жазылған қаптама парақпен және жобалық керек-жарақтарымен жабдықталған; · Қажет болған жағдайда түпқоймаға орнатылуы мүмкін; · Электртехникалық дөңгелектер жеке стреч-үлбірге қапталады; · Орнатылған жабдықтың барлық қажетті техникалық құжаттамасы (төлқұжат, нұсқаулық және тағы басқалар) Тапсырыс берушінің жеке қолына немесе арнайы қораптағы бұйыммен бірге тапсырады. · Бұйымның сертификатыпен төлқұжаты (сондай-ақ жүктелетін құжаттар – жүкқұжаттар мен шот-фактуралар) да Тапсырыс берушіге ол үшін ыңғайлы тәсілде жөнелтіледі.

БІЗДІҢ ӨНІМДЕР

БІЗДІН ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ

Жаңалықтар

  • KIOGE KAZAKHSTAN 2016

    Әрі қарай
  • 25-27 қазан аралығында Алматы қаласында KAZPOWER 2016 көрмесі болып өтті. ТОО ЕЛКОС (ELCOS) комп ...

    Әрі қарай
  • Энергетика және электротехника 17-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі.

    Әрі қарай
  • Дауыс беріңіздер!   http://www.yourexpo.kz/page.php?page_id=5&article_id=28

    Әрі қарай
  • Компаниямыз қазан айының 28-30 жұлдызы аралығында Алматы қаласында өткен Энергетика, электротехн ...

    Әрі қарай