Әріптеске - сенімді серіктес екенімізді тағыда дәлелдедік!
Алматы маңында BI Group құрылыс компаниясыңын электрмонтаж мердігері хабарласты. Салынып жатқан Инфекциялық жаңа ауруханаға жедел түрде электртарату қораптары керек, 2 күнде жасап берулеріңізді сұраймын, біздің жеткізіп беруші нағыз керек уақытта секіріп кетті деді. Нәтиже ELCOS - 1,5 күнде жасап бүгін түсте апарып берді! Менің ұжымыма көп рақмет айтамын! Covid 19 бен күресте өз үлесімізді қосып жатырмыз! Тапсырыс беруші үлкен алғыс айтуда! Әріптеске - сенімді серіктес екенімізді тағыда дәлелдедік!
"ЕЛКОС (ELCOS)" ЖШС 2004 жылы электр тарату қалқандары мен металдан жасалған стандартты емес бұйымдарды отандық өндіруші ретінде құрылды, өз қызметін 2004 жылғы 9 қыркүйектегі №016128 ГСЛ мемлекеттік лицензиясы негізінде II-санатты сәулет, қала құрылысы және құрылыс –монтаждау қызметі саласында жүзеге асырады.
"ЕЛКОС (ELCOS)" ЖШС қазақстандық өндіруші және әлемдік брендтердің ресми серіктесі болып табылады. Біздің компанияның барлық сертификаттары бар.
"ЕЛКОС (ELCOS)" ЖШС өнеркәсіптік және азаматтық объектілердің барлық түрлерін толық жинақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін халықаралық стандарттар бойынша өнім шығарады.
Біз кешенді шешімдердің арқасында серіктестеріміздің қалауын, жоғары сапа мен қолайлы бағаны қанағаттандыра отырып, іскерлік серіктестеріміздің сенімі мен беделіне ие бола алдық.
Біздің технологияларды қолдану заманауи бизнестің жұмысында қажетсіз шығындар мен ысыраптарды болдырмауға мүмкіндік береді.
"ЕЛКОС (ELCOS)" ЖШС-ELCOS брендімен өнім шығарады.